вторник, 20 ноября 2007 г.

Мақай

Алматы қаласының қақ ортасында орналасқан 28 Панфиловшілер паркіне өзімізді қойғанда, шет елден келетін туристер қаншама десеңші. Яғни, ол жерге күнде әлемнің түпкір-түпкірінен көптеген адамдар дем алуға келеді. Айтар ойым бұл емес, сол паркті қалай пайдаланып жүргендігіміз, ол жердегі көшенің қақ ортасындағы қазақша қате жазу.

Бейбіт пен Бейбітгүл



Осы сенбі күні еліміздегі жас әншілердің бірі Бейбіт Қорған отау құрды. Оның жары Бейбігүл есімді оралдық қыз екен. Үйлену тойы әр адамның өміріндегі ең керемет, ұмытылмас кезең емес пе? Бұл күні сен есейіп үлкен өмірге, яғни жұбайлық өмірге аттанасың. Жас жұбайларды өз атымыздан құттықтап бақыт тілейміз!

вторник, 13 ноября 2007 г.

Медиа мектептегі 10 қызық!




Мектепте оқығанымызға 1,5 айдың жүзі болды. Осы уақыт ішінде бәріміз талай қызықтардың куәсі болдық. Cоларға толығырақ тоқталсақ.





1. Танысуымыз! Бір-бірімізбен танысу ойын түрінде өтті. Ойын шарты бойынша аттарымыздың бас әрпінен тұратын көкөніс немесе жемістің атын өз аттарымызға тез тіркеп айту. Сол кездегі аттарымыз:

Ақбота (куратор) - алма

Индира - инжир

Назира - нан (нан қымбаттаған кез!)

Инга - итмұрын

Асем - апельсин

Ақбілек - алмұрт

Мая - миіз

Ақбота - ананас

Жадыра - жуа

Шыңғыс - шабдалы

Динара - долана

Балжан - булочка
2, Әркім өзі жайлы айту: үмітім, девизім, өмірде жіберген қателігім.


3. Алматыдағы Бейбітшілік сарайы. Подводкадағы жаңалық.

4, Ипотека алушылар саны көбейуіне байланысты хедлайн ойлап табу:

Бағила: "Ақшаны ақша табады, ақымақ кетпен шабады"

Балжан:"Жалақы жарымды болса, ипотека иірімді болады"

Жадыра:"Ипотека алып жүр талай қазақ баласы... "

Динара: "Ипотека деушілер көп, пайдасын көрушілер жоқ"

Индира: "Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ, ипотеканың соңы жоқ..." (керемет!)




Шыңғыс:"Қиналғанда құтқарады, қайтарғанда жұтатады"




Ақбота:"Ипотека итжеккен өмір ме?"




5. Аққу - Шортан һәм Шаян болдық! Монтаж үстіндегі тартыс. Happy end!




6. "Мафия" жеңіске жетті!




7.Бесминут ішінде ұйыдастырылған пресс-конференция, Әкім мен журналисттердің пресс-конференцияда қол соғуы!




8. Жұмбақ: "Бір жаңылсаң өмір ұмытпайтын жалмауыз, қатал сыншы" (көрермен)




9. "Принцесса" болып жеңіліп қалдық!




10. Почта мен блог ашудың қызығы мен шыжығы



Мүмкін менің тізіп шыққаным сіз үшін қызық та емес шығар, бірақ сіз сол жерде болғанда...

воскресенье, 11 ноября 2007 г.

Сәлем бердік!!!

Баршаңызға салем! Менің блогыма ұош келдіңіздер! Болашаұта сіздерге ұызыұты аұпараттар беруге тырысамын!